СҚО-да жаңа ғибадатхананың құрылысы басталды (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласы «Береке» шағын ауданында Севастиан-Магдалининский храмының бірінші кірпіші қаланды. Шараға СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен Астана және Қазақстандық Митрополит Александр қатысты. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімі бүгін барша қазақстандықтардың бірлігі мен келісімін сақтау маңызды екенін атап өтті.

 «Мемлекет басшысы қоғамдағы рухани келісімге көп мән береді. Этносаралық және конфессияаралық диалог еліміздегі тұрақтылықтың берік фундаменті.  Православ сенімдегілер еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосып жатыр», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Ғибадатхана Севастиа́н Караганди́нский - Орыс Православ шіркеуінің архимандритінің құрметіне оның есімімен аталады.  

Ерік Сұлтанов және  Митрополит Александр  жаңа шіркеудің құрылысы үшін капсула қойды.

Жоба бойынша Севастиан-Магдалининский ғабадатханасы 2018 жылы ашылады.   Шіркеу христиан сенімдегілердің садақалары мен демеушілердің қаражатына салынады.