СҚО-да Жаңа жыл мерекесінде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, солтүстікте 30-31 желтоқсан аралығында қар жауып, тұман түсіп, боран соғады. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 9-14 метрлік жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде термометр бағаны -15-20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз - 8-13 болады, кей жерлерде - 16 градус аяз.
2020 жылдың 1 - қаңтарынан бастап, жел батысқа қарай бағыт алады. Қар жауып, тұман түсіп, боран соғуы ықтимал. Түнде - 12-17 градус суық, кей жерлерде -20 градусқа дейін суытады. Күндіз - 5-10 градус аяз, кей жерлерде - 13 градус болады.
2 қаңтар күні өңірде қар жауады. Кей жерлерге тұман түседі. Жел батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде секундына - 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы - 3-8 болады, бірқатар аумақтарда - 11 градус аяз болуы ықтимал. Түнде - 8-13, кей жерлерде 16 градус аяз. Ауа райы 3 қаңтар күні де осындай болады.