СҚО-да жаяу бұрқасынға байланысты бірқатар жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында сағат 19:00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (жаяу бұрқасын, көрінудің нашарлауы) төмендегі жол барлық бағыттарда барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды:

«Астана-Петропавл» автожолының 341-367 шақырымы аралығы, Ақмола облысы шекарасынан Келлеровка ауылына дейін;

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 595-835 шақырымы аралығы, Қостанай облысы шекарасынан СҚО шекарасына дейін;

«Мамлютка-Қостанай» автождолының 103-180 шақырымы аралығы, Мамлют ауданының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-856 шақырымы аралығы, Қостанай облысы шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

«Көкшетау-Рузаевка» автожолының 61-196 шақырымы аралығы, Ақмола облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейін. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Жамбыл, Аққайың, Есіл, Тимирязев, Шал ақын, Тайынша аудандарының облыстық жолдары да жабылды.