СҚО-да желтоқсанда ауа райы қандай болады – болжам

«Қазгидромет» РМК еліміздің Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсанда ауа райы қандай болатындығын жария етті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Pixabay

Мекеме мәліметінше, ауаның орташа айлық температурасы -10,3-12,1°С болады. Бұл нормадан 2 (норма: -12,3-14,1°С) градусқа жоғары. Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде -27-32°С-тан, облыстың оңтүстігінде -22°С-тан -5-10°С-қа, облыстың солтүстігінде -15°С-қа дейін, күндіз -18-23°С-тан, облыстың оңтүстігінде -13°С-тан 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -5-10°С-тан, облыстың солтүстігінде -15°С-тан -12-17°С-қа, облыстың оңтүстігінде -7°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-10°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Содан кейін ауа температурасы түнде -7-12°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа, облыстың оңтүстігінде 3°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -15-20°С-тан -22-27°С-қа, облыстың солтүстігінде -17°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан -12-17°С-қа, облыстың оңтүстігінде -7°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде -12-17°С-қа, облыстың оңтүстігінде -7°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін. Айдың соңына қарай ауа температурасы түнде -18-23°С-қа, облыстың солтүстігінде -26°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-қа, облыстың оңтүстігінде -13°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр.

Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында (норма: 15-31 мм). Қар, бұрқасын, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел бір ай бойы жиі болуы ықтимал. Ал көктайғақ бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің ортасында болжанады.