Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, облыстық әкімдікте ынтымақтастық туралы меморандумға Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбетов қол қойды.
Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «ЗИКСТО» зауыты 520 жаңа үй мен 197 пәтерді жиһаздар және үлкен тұрмыстық техникамен қамтамасыз етеді.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорынның басшылығына тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға демеушілік көмек танытқаны үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін СҚО-да тасқыннан зардап шеккен екі сауықтыру лагерінде жазғы маусым кеш басталатынын айтқан едік.