СҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Зарина Попованың айтуынша, оның 102-сі есірткі заттарын сатуға байланысты, тоғызы – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау бойынша, 94-і есірткіге қатысты құқық бұзушылық болса, үш жағдайда контрабанданың жолы кесілген. Бұдан бөлек жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Алматы облыстарында екі жасырын есірткі зертханасы жойылды.
Заңсыз айналымнан 512 кг 800 грамм есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 9 кг жуығы - синтетикалық есірткі.
- Жұмысымыздың басым бағыттарының бірі - есірткі айналымын насихаттайтын және оларды таратуға мүдделі интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау, құқық бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту. Осы жылдың тоғыз айында 1 250 интернет-сілтеме бұғатталды, - дейді Зарина Попова.
Маманның айтуынша, «Антифрод» ақпараттық жүйесіне заңды бұза пайдаланылған қазақстандық банк карталары туралы 642 мәлімет түскен. Оларға қатысты сома шамамен 4 млн теңгеден асқан.
Бұған дейін Ұлытауда есірткі жарнамасы бар 2 600-ден астам интернет-ресурс бұғатталғанын жазған едік.