СҚО-да жылқы айдап кетуге шығып, жоғалып кеткен жылқышы табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жылқы  айдап келуге  шығып, үйіне оралмаған Имантау  ауылының тұрғыны табылды.

Фото: Kazinform

Із- түзсіз жоғалған 43 жастағы азаматты іздеуге ТЖД құтқарушылары, полицейлер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және ауылдастары атсалысқан. Жылқышыны Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасына арнайы дрон ұшырып іздеген.

- Құтқарушылар жоғалған азаматты Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан тапты. Ол дін аман, денсаулығына еш зиян келмеген, - деді ТЖМ.

Еске салайық осыған дейін Жамбыл облысында бұзылып қалған автобустан 15 жолаушы эвакуацияланғанын және Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылғанын жазғанбыз.