Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іздеу салынған Хасан Ятимов Түркістан облысынан табылған. Бозбала ол жерге автостоппен жеткен. Қазіргі таңда ата-анасына хабар берілген.
Еске сала кетейік, 15 жастағы Хасан Ятимов 6 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен болатын. Ол Қызылжар ауданының Прибрежное ауылынан автобусқа отырып, жолға шыққан. Ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға әкесі хабарлаған.