СҚО-да жоғалып кеткен оқушы табылды
23:12, 08 Қыркүйек 2018
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Cолтүстік Қазақстан облысында жоғалған оқушы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Диана Набатчикова Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылынан табылды. Ауыл қала орталығынан 200 км қашықта орналасқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавл қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Диана Набатчикованы іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.