— 2026 жылғы 9 қазан сағат 07:00-де көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты республикалық маңызы бар KAZ 13 «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 875-шақырымында (Покровка көпірі ауданында) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Балама маршруттар:
- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 46–86,87 шақырым аралығы;
- «Волошинка — Сергеевка — Тимофеевка» автожолының 0–56 шақырым аралығы;
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 876–946 шақырым аралығы;
- «Покровка — Корнеевка — Горное» автожолының 34–0 шақырым аралығы.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Қазақстандағы жергілікті жолдардың 91%-ы жаңартылды.