Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кешенді жоспарына сәйкес, 2019-2021 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 47,8 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат 1 699 шақырым жергілікті маңызы бар жолды жөндеуге мүмкіндік береді.
«Экономика жұмыс істеу үшін жол, жақсы көлік инфрақұрылымы қажет. Бізде орташа және жақсы деңгейдегі жолдардың үлесі - 58%, еліміз бойынша - 62%. Үкімет сәйкес шешім қабылдады. Салыстырмалы түрде биыл республикалық бюджеттен 10 миллиард теңге алсақ, болашақта 17 миллиард теңге аламыз. Жергілікті бюджеттен де қаржы қосатын боламыз», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.