«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» СҚО филиалының мәліметінше, жол құрылысы маусымы басталғалы мамандар жөнделіп жатқан 13 нысанды ішінара таңдап, қолданылған материалдың және атқарылған жұмыстың сапасын тексерген. Республикалық маңызы бар бұл жолдарға 44 рет барып, бақылау жүргізген. Нәтижесінде 20 ақау анықталды. Олардың 19-ы бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.
«Петропавл-Жезқазған» А-16 автожолында ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Жолдың 905 км-де асфальт-бетон жабынды жарылып, ойықтар пайда болған. Қолданылған құрылыс материалдарына 97 сынама алынып, 12 % талапқа сай келмеген.
Жалпы ұлттық орталық биыл СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдардың 1 552,4 км-не, оның ішінде 235 км кепілді учаскеге диагностика жүргізбек.
Бұған дейін СҚО-да тасқын судың беті қайта бастағанын айтқан едік.