«Өткен жылдың сәуір айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында 1700ден аса еңбек мигранты жұмыс істеуге рұқсат алды. Биылғы жылы аймақта 597 шетелдік жұмысқа орналасты. Өзбекстаннан келген ерлі-зайыптылар Тимирязов ауданында жұмысқа орналасқан. Олар жекеменшік үйлердің құрылысымен айналысады. Әзербайжаннан келген тағы бір отбасы Петропавл тұрғынының үйінде үй шаруасымен айналысады», - деді СҚО ІІД көші-қон басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев.
Сондай-ақ рұқсат алу тәртібі жеңілдетілген болса да, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа салу оқиғалары анықталды. Жыл басынан бері заңсыз жұмыс жасаған 30-дан аса адам белгілі болды.