СҚО-дағы Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданын бұдан былай Азамат Бектасов басқармақ. Жаңа әкім бүгін қызметіне кірісті, деп хабарлайды Kazinform.
Азамат Бектасов 1989 жылы СҚО, Есіл ауданында туған.
2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология», 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Есіл ауданы Покровка ауылында арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан – осы ауылдағы агрохимиялық пәндер оқытушысы.
2014 жылдың маусымынан - СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қазан айынан – СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
2017 жылғы мамырдан бастап – СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың қыркүйегінен - Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы желтоқсаннан – «СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2021 жылдың маусымынан осы күнге дейін СҚО бойынша экология департаментінің басшысы болып еңбек етті.