Көктемгі кезеңге облыстың дайындық барысы туралы баяндамамен төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев сөйледі.
Ол «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 1 қаңтардағы облыс аумағына түскен қар көлемі орташа жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда, нормадан 120-210 пайыз асып кеткен.
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов аудан әкімдеріне елді мекендерді су басып қалмауы үшін, бір ай ішінде тас-түйін дайын болуды тапсырды.
«Өткен жылғы тәжірибе бар. Инженерлік және жол-құрылыстық техникамен қамтамасыз ету қажет. Қазір барлығын дайындау қажет, барлық көлікті аудандарға бөліп беру қажет. Қажет қапшықтарды сатып алыңдар, жеткілікті қаражат бөліңдер», - деп тапсырма берді СҚО әкімі.