«Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты әдемі. Бұл - туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, ол 2020 жыл туризм саласында елеулі оқиғаларға толы болатынын айтты.
«Ботай қонысындағы қазба жұмыстарына 40 жыл толады. Уәлиханов ауданынан табылған Қызыл оба қонысында қазба жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар арқылы еліміздің солтүстігінде орта ғасырлық қала мәдениеті жақсы дамығанын дәлелдей аламыз», - дейді ол.