СҚО-дағы Меңгесер тұзды көлінің қасиеті Өлі теңізге пара-пар

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Меңгесер көлінің минералды суына шомылып, көптеген дертке ем балшығын жағу үшін мұнда арнайы келетіндер саны жылдан-жылға артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меңгесер көліСолтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында орналасқан. Петропавлдан 83шақырым қашықтықта жатқан тұзды көлге оның қасиетін білетіндер шілденіңортасынан бастап ағыла бастайды. Халық бұл жерде дем алып қана қоймай,иммунитеттерін көтеріп, денсаулықтарын түзеу үшін қонып жатып ем қабылдайды.

Жергілікті тұрғындардыңайтуынша, көлдің пайдасын көру үшін ол «піскен» кезде келу керек. Яғни сужылыған кезде ондағы шаяндар, экологиялық таза тұзды суда ғана болатын Артемиясалина су бетіне көтеріледі. Бұл – көлдің бабына келгені.

«Меңгесердіңбалшығы күкіртті-сутекті. 1988 жылы жергілікті жоғары оқу орнының студенттерімен оқытушылары көлдің солтүстік жағын зерттеді. Емдік балшығының қабаты 20-30см, кей жерлерде одан да көп және 30 мың текше метр жерді алып жатыр.


Химиялық-физикалықкөрсеткіштері бойынша көлдің суы мен балшығы Ставропольдегі Тамбукан, Қорғаноблысындағы Медвежка, Новосібір облысындағы Карача және Горькое көлдерінеұқсас. Израильдегі Өлі теңізбен де салыстырып жатады», - дейді М.Қозыбаеватындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің георграфия жәнеэкология кафедрасының профессоры Наталья Белецкая.


Мамандардыңайтуынша, Меңгесердің балшығы көптеген дертке шипа. Соның ішінде сүйегісырқырап, балтыры сыздағандарға, остехондроз, омыртқа буындарының қабынуы,остит, миозит, бурсит сияқты буын-сүйек ауруларына ем. Бұдан басқа жүйкежүйесінің ауруларына, асқазан-ішек жолы, бүйрек, тері ауруларына қарсықолданылады екен.


Алайда, жүрек-қантамырлары ауруы барларға, екі жасқа дейінгі нәрестелерге, ауру асқынғанда,екіқабат әйелдерге, қатерлі ісігі барларға балшықпен емделуге тыйым салынған.

Жалпы, СолтүстікҚазақстан өңірі шипалы балшығы мен минералды суы бар көлдерге бай. Олардың онғажуығы ғана кезінде зерттеліп, тиімділігі дәлелденген екен. Бірақ бұл тұздыкөлдердің адам ағзасына орасан пайдасы болғанымен әзірше игеріліп жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта Меңгесеркөлінің басына демалып, емделу үшін күніне ғана 500-дей адам келіп кетеді.


Соңғы жаңалықтар