Облыс тұрғындары Юрий Романов пен Виктор Тюрин жасаған кеме модельдері көрмеге қойылған, олар осы шеберлікті бала кездерінен бері серік етіп келеді.
«Туған үйің» атты екінші көрмеде жеке жинақтағы ескі жиһаздар жұрт назарына ұсынылған. Жәдігерлер жинағының иесі Лидия Члектің айтуынша, мүліктер 19 ғасырдың соңына қарай жасалған. Ағаштан ойылған рамаға салынған айна, орындықтар, сағаттар және басқа да тұрмыстық мүліктер мұрайжайға қойылған. Бұл заттар Лидия Члектің үлкен әжесінен қалған. Орындықтың бірі әжесінің 1892 жылы тойына сыйға берілген. Осы орындық жиһаздар жинауға себепші болса, олар алты ұрпаққа қызмет көрсетіп келеді екен.