Аталған аймақтың департамент басшысы Нұрсұлу Көбенованың айтуынша, мәдени бұқаралық шараға «Нұр Отан» партиясының Айыртау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Ахметжанов және ауыл әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Жақсылық Жүсіпов, сондай-ақ БЖСМ директоры Әсет Шаймерденов қатысты.
«Шараға БЖСМ волейболшылар құрамасы мен Айыртау аудандық мәдениет үйінің әртістері қатысты. Мәдениет үйінің шығармашылық тобы концерттік бағдарламасын көрсетсе, волейболшылар мекеме қызметкерлерімен және сотталғандармен сайысқа түсіп, жеңіске жетті. Ал шахматтан жекелеген сында бірінші және үшінші орын сотталғандарға бұйырса, 2-ші орынға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі ие болды», - деді Н.Көбенова.