Олардың қатарында 18 - 27 жастағылар, сондай-ақ оқу орындарынан бітіргендер, жасы 27-ге толмаған және әскери борышын өтемеген азаматтар бар.
Солтүстік Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметке шақырылатындар сакн 600-ден асады. Олардың ішінде 200-дей азаматы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 400-і Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде борышын өтейді.
«Бүгінде әскери қызмет беделді және абыройлы саналады. Әскерге келуге ниет білдіретіндер саны өте көп. Әрбір бозбала Аэроұтқыр әскерлерінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінде қызмет атқарғысы келеді. Моральды және психологиялық тұрғыда дайындалған, денсаулығы мықты жастарды Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру бойынша міндеттер 2015 жылдың күзінде толық көлемде орындалды. Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысындағы негізгі міндет - шақыруға жасақтың тең бөлінуін ескере отырып, бұрынғы аумақтық қағидат бойынша ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын жасақтау», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Еркінбек Байболов.
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары сондай-ақ үміткерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке және Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына іріктеу жүргізеді. Қазіргі кезде келісімшарт негізіндегі қызметтің беделі күн сайын артып келеді. Келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту бойынша түсіндірме және имидждік-насихаттау тұрғысындағы жұмыс оң нәтижелер беруде.