Дәрігерлер егде жастағы ер адам мен жас әйелдің жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалауда. Зардап шегушілер естерін біледі, еркін сөйлесуде.
«Әйелдің денесінде көптеген кесілген жарақаттар болды. Ер адамның аяқ-қолы, сан сүйегі сынған. Оның жалпы жағдайы мен қосымша жасалатын суреттерге (рентген) қарап, ота жасау мәселесі шешіледі. Әзірге ешқандай қажеттілік жоқ», - деді травматолог Евгений Никонов.
Зардап шегушілер ауруханада кем дегенде 10-12 күн болады.
Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында үлкен жіліншік сүйегі сынған 8 жасар бала жатыр.
Еске салайық, жексенбі күні автомобиль автобус аялдамасына соғылған болатын. 6 адам, соның ішінде үш бала зардап шекті.