Antıkor ortalyǵy сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің қатысуымен брифинг өтті.
«Тергеу жүргізілді. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша істің мән-жайы ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша жарияланбайды. Сот үкімі шығуын күтеміз», - дейді Нұрлан Жахин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғандығы туралы мәлімет жарияланған еді.