ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында диқандар жинап алған астықтарын элеваторларға өткізе алмай жатыр. Салдарынан мол өнім қар мен жаңбырға тиіп, шіри бастаған.
СҚО Айыртау ауданы Светлое елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер әлеуметтік желіде жазба жариялап, Президенттен көмек сұрады.
Естеріңізге салайық, биыл күзде толассыз жауын егін орағын қиындатты.
Сондықтан жаңа астықты кептіруге шаруаларға алғаш рет сұйытылған газ бөлінді.
Ақерке Дәуренбекқызы
Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін "журналистика" мамандығы бойынша бітірдім. Бірқатар республикалық телеарналарда тілші болып еңбек еттім. Осы саладағы жалпы еңбек өтілім 20 жыл.