СҚО: Екі қыз көлге батып кете жаздады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар бір күнде үш адамды өлімнен арашалап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментібаспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Пестрое көлінде құтқарушы Руслан Асқапов екікішкентай қызды құтқарып алған. Бірі 12, екіншісі 10 жасар екі қыз арнайышомылу құралынсыз көлде шомылып жүріп, жағаға жете алмай қалған. Қыздардыңбағына орай, құтқарушы дер кезінде қажет жерден табыла білді.

Дәл сол күні Р.Асқапов әріптесімен бірге 52жастағы ер адамды да құтқарды. Масайған ер адам су бетіндегі қалқыманы қуамындеп жүріп, жағаға жете алмай қалған.

Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздікережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйде суға түспеуге шақырады.

Өңірдегі су айдындарында 17 адамның өлімітіркелді, соның алтауы шомыламын деп суға батып кеткен.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар