СҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Бақытжан Абулхаиров Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. 

Фото: СҚО экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Ұжымға жаңа басшыны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов таныстырды.

Бақытжан Абулхаиров Астана қаласының тумасы.

Қаржы полициясы академиясының түлегі.

2007-2016 жылдар аралығында қаржы полициясы органында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі лауазымда еңбек етті.

2016 жылдан бастап экономикалық тергеп-тексеру қызметінде жұмыс істеп келеді.

2022 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Бұған дейін Петропавлда полицейлер суицид жасамақ болған бойжеткенді аман алып қалғандығы туралы айтқан едік.