СҚО «ЭКСПО-2017» көрмесінде 8 инвестжоба ұсынады
Кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Құралай Жарованың хабарлауынша, әрбір алтыншы солтүстікқазақстандық 10 маусым мен 10 қыркүйек күндері халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне баруды жоспарлауда.
«Көрмені өткізуге дайындық барысында жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп, көрме кезінде қосымша вагондар бөлу мәселесін шешті», - деп хабарлады Қ.Жарова.
Туристік фирмалар облыс тұрғындары мен РФ шекара маңындағы Қорған, Омбы, Түмен өңірлерінің тұрғындарына арналған бағыттарды құрды. Онда Астанадағы «ЭКСПО-2017» мен Солтүстік Қазақстан облысының түрлі туристік нысандары қамтылған.
«Қазақстан» павильонында СҚО өз өңірінде жүзеге асып жатқан 8 инвестициялық жобасын таныстырады. Олардың арасында «Зенченко и К» серіктестігінің жел-энергетикалық қондырғылары, Сергеевка ГЭС-і, Ахмутдинов ЖК отын түйіршіктері, «Сапро-Нат» ЖШС экологиялық қауіпсіз автономды жылыту кешені, «Тайынша Астық» биоотын қазандықтары, «Углежог» ЖШС жоғарык өміртекті ағаш көмірі бар.