СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: СҚО әкімдігі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Әлішер Беспаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әлішер Беспаев Алматы қаласында дүниеге келген.

Астана және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы «NES Company» серіктестігінде сарапшы-энергетик болып бастаған. 
Әр жылдары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

Осы тағайындауға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Дархан Қатышев тағайындалғанын жазған едік.