СҚО-ға тамызда 169 дәрігер жұмысқа келеді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл дәрігер жетіспеушілігі мәселесі 62%-ке шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыстық мәслихат депутаттарымен облыс активінің алдында алғашқы жарты жылдық бойынша есеп берді. Оныңпікірінше, тұрғындар денсаулығын сақтау негізгі міндеттердің бірі. Бұл саладакөптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе – медициналық кадрлардыңжетіспеушілігі. Сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының 62,5% ескірген.

Дәрігерлердің тапшылығы өңірде біртіндеп шешіліп келеді.Мәселен биыл тамыз айында облысқа 169 маман келмек. Олар еліміздегі медициналықжоғары оқу орындарының түлектері. Дәрігерлердің 86-сы жұмысқа ауылдық жерлергеаттанады. Қалған 83-і Петропавлдағы емдеу мекемелеріне орналасады.

«Облысқа дәрігерлерді тартуда ауқымды жұмыс атқарылды. Мәселенішешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық жоғары оқу орындарынажүгіндік. Дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмекті еселедік. Мәселен 2018жылдан бері ауылға баратын маманға 1,5 млн теңге, облыс орталығындақалатындарға 505 мың теңге демеуқаржы беріліп келеді», - деді Құмар Ақсақалов.


Бұдан басқа биыл алғаш рет еліміздегі жоғары оқуорындарының резидентурасында білімдерін жетілдіру үшін 78 маманға 45 млн теңгебөлінді. Екі жылдан кейін ол мамандар өңірге қайтып келеді. Ал көрсетілетінқызмет сапасын арттыру үшін келесі жылы 200 дәрігер республикалық жәнеалыс-жақын шет елдердің клиникаларында біліктіліктерін арттырады.

Соңғы жаңалықтар