СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері болып Әсет Жұматаев тағайындалды.
Әсет Жұматаев СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылында 1981 жылы дүниеге келген.
2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясын «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖ қызметінде бастады.
2007-2008 жылдар аралығында СҚО Аққайың ауданы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы болып еңбек етті. 2008-2013 жылдары осы басқармада санитарлық-гигиеналық бөлімнің басшысы. Ал 2013-2019 жылдары Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
2019 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында басшы болды.