СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Гүлбақыт Манабаева 1982 жылы СҚО-да туған.
2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Биология-химия» мамандығы бойынша, 2007 жылы Орталық Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Петропавлдағы қалалық классикалық гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2011-2024 жылдары СҚО Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған едік.