СҚО Индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Ж.Сәдуақасов тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімінің өкімімен Жанат Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов 1981 жылы туған. Солтүстік Қазастан мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-құрастырушы болып бастады», делінген хабарламада.

2007 жылғы сәуірден 2010 жылғы сәуір аралығында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, содан соң бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылғы сәуірде облыс әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2011 жылғы маусымнан бастап 2015 жылға дейін дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

2015 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін СҚО ішкі саясат басқармасының басшысының қызметін атқарды.