СҚО инвесторларына ақ қаңылтыр өндіру туралы ұсыныс жасалды
Ратмир Ахметов соңғы жылдары тау-кенді игеру өнеркәсібінің айтарлықтай өскеніне қарамастан, бұл сала даму жағынан кеш қалуда деп есептейді. Шикізатты өндіруден түпкілікті өнім өндіруге көшу қажет.
«Сырымбет» тау-кен байыту кешені қалайы өндіретін СҚО-дағы ірі тау-кенді игеру өнеркәсібі. Әкімнің орынбасары аймақтың машина құрастыру кәсіпорындары қуатының қалайыны өңдеп, ақ қаңылтыр өндіруге жететініне сенімді.
«Ақ қаңылтыр консерві өнеркәсібінде қолданылады. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ мен «Магнитогорск металлургиялық комбинат» ҚАҚ - Қазақстан мен Ресейдегі жалғыз қаңылтыр өндірушілер. Олар өндірісте сұранысқа аса ие емес ақ қаңылтыр өндіреді», - деді Р.Ахметов.
Қазақстандағы қалайы қорының 65% СҚО-да өндіріледі. «Сырымбет» кен орны Орталық Азиядағы жалғыз және әлем бойынша әлі өндірілмеген ірі қалайы кен орны. Мұнда бір жоба жүзеге асып жатыр. Бұл қалайы кенін қайта өңдейтін, жылына 2 млн. тонна кен өндіретін тау-металлургиялық комбинатының құрылысы.
СҚО-да 286 пайдалы ен орындары бар. Оның 34-і - металл, 2 - бейметалл, 217 - құрылыс және технологиялық шикізат, 33 - жерасты сулары, оның алтауы - минералды су орындары.
Сонымен бірге, оның 227-сі (алтын, қалайы, темір, көмір кендері) әлі игерілмеген.