СҚО ішкі істер департаментінде жас полиция қызметкерлерінің слеті болды

None
ПЕТРОПАВЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне жас полиция қызметкерлерінің слеті болды.

Осындай іс-шараларды полиция қызметкерлері жиі ұйымдастырып отырады. Олардың басты мақсаты - жас қызметкерлердің үлкен әріптестерінен тәжірибе үйренуі.

Жиналғандар алдында сөз алған облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Көшеков үстіміздегі жылы полиция қатарына 33 жас қызметкер келіп қосылғанын атап өтті.