СҚО кәсіпкері Астанадағы жәрмеңкеге бал арасы шаруашылығы өнімдерінің 10-нан астам түрін алып келді (ФОТО)
17:14, 17 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Лия Шуцкая Астанадағы жәрмеңкеге бал арасы шаруашылығы өнімдерінің 10-нан астам түрін алып келді.
"Мен Новоишимка ауылынан келдім, біздің жанұяда өзіміздің жеке кәсіпкерлігіміз бар. Біз 20 жылдан бері бал жинаймыз және Астанаға өз өнімдерімізді ала келдік. Балдың түрлі сұрыбы бар. Сонымен қатар балауыз, ара желімі және гүл аталығы ұсынылған. Яғни, араның шығаратын түрлі өнімдері бар, шамамен 10 түрін ала келдік", - дейді Л. Шуцкая.