СҚО кәсіпкерлері шекара бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге неліктен шекара бекеттерінде мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тұрғаны түсіндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметөкілдері ұйымдастырған облыстың кәсіпкерлерімен өткен «Adal bussiness» диалогалаңында бизнес өкілдеріне өзекті сұрақтар қойып, алаңдатқан мәселелерменбөлісуге мүмкіндік берілді.

Халықаралық жүк тасымалыменайналысатын жеке кәсіпкер Сабыр Бекқожин шекара қызметіндегі ұзын-соңар кезеккешағымданды.

Оның айтуынша, кезек мемлекеттіккірістер департаментінің қызметкерлерінің құжаттарды ұзақ тексеруінен пайдаболатын көрінеді.

«Мынадай мәселе жиі туындап жатады:шекарада мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері құжаттарды сканерлеп,жүргізушіден өзі білмейтін құжаттарға қатысты сұрақтар қояды. Сөйтіп кезектуындайды. Біздің жүргізушілер еңбек және демалыс режимі бойынша жұмыс істейді,ал кезек 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Жүргізуші бұл уақытта орташа 50 кмжылдамдықпен 500 км жүріп тастай алады. Не үшін қосымша қиындықтар жасайды?Кеден одағы пайда болған соң Ресей шекарасы арқылы оңай өтеміз депүміттенгенбіз», - деді кәсіпкер.

Солтүстік Қазақстан облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахымбердіқызмет өкілдерінің шекарада тұруының орынды екенін айтты. Кәсіпкерлер істіңбарлық қыр-сырын біле бермейді.

«Шекарада экспорттық бақылаубасқармасы тұр. Олардың міндеті - тауармен жүктің өтуін бақылау. Тауарларды шекарадан өткізіп, кіргізудің шектеулерібар. Құжатсыз өтетін жүктер қаншама. Алайда Сіздер оны байқамайсыздар. Мысалы, тауардыңсырты шырын немесе кола сияқты болғанымен, ішінде ішімдік, темекі болуы мүмкін.Күн сайын барлық бекеттерде осындай кідіртулер боп тұрады», - дедіР.Рахымберді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметбасшысы Ернар Баянғазиннің ойынша, түсініспеушіліктер кәсіпкерлердің нашарақпараттандырылуынан болады. Ол департаментке бизнес өкілдеріне барлығын жеңілтілмен, шекарадан өткенде қандай мәселетуындайтынын және алдын ала қандай құжаттар дайындау керек екенін түсіндіругекеңес берді.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар