СҚО кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ильдар Исмагулов кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ильдар Исмагулов Астана қаласында туған, 35 жаста.

Төрт жоғары білімі бар: «экономика және бизнес», «юриспруденция», «іскерлік әкімшілік магитрі» және «агрономия» маманы.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінде маман ретінде бастаған.

2010-2017 жылдар аралығында квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан қаржы-өнеркәсіптік холдинг» ЖШС-де атқарушы директор, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды.

2019-2022 жылдары «Ұлттық аграрлы ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ корпоративтік хатшы, басқарушы директор болды.

Осы тағайындауға дейін СҚО әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті.