СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 мамыр күні болған. Құтқарушылар сол күні сағат 20.30-да Тимирязев ауданының 1971 жылы туған тұрғынын іздеуді бастады.
Алдын ала болжам бойынша ер адам Тимирязевтен 3 шақырымдай жердегі Әлпаш көліне балық аулауға барып, суға кеткен. Су қоймасының жанынан оның киімі табылды.
Қазір оқиға орнында 5 құтқарушы, бір техника және жүзу құралы жұмыс істеп жатыр. Әзірше іздеу еш нәтиже берген жоқ.