СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Владислав Лукин мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Владислав Лукин Петропавл қаласының тумасы, 1990 жылы дүниеге келген.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Жоғары оқу орнын «құрылыс» мамандығы, «техника және технология бакалавры» бiлiктiлiгi бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы СҚО Құрылыс басқармасының сумен жабдықтау бөлiмiнiң бас маманы болып бастады.
2014-2016 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы бөлiмi басшысының міндетін атқарды, бөлiм басшысы болды.
2016-2017 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдың қазан айынан 2020 жылдың наурызына дейін СҚО әкiмдiгiнiң Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еттi. Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымында болды.
2020 жылдан бастап 2023 жылдың тамызына дейін Мамлют ауданының әкімі болды.
Соңғы тағайындауға дейін СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарды.