СҚО мен Ақмола облысында көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды
09:35, 25 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін Ақмола және СҚО жолдарында көлік қозғалысына енгізілген шектеулер алынды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.
Алайда, Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығы (жауын, көктайғақ) салдарынан кеше 22.10-да "Ақтөбе-Орск" тас жолының Ш. Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі учаскесінде (39-135 км) қоғамдық көліктер мен жүк көліктеріне енгізілген шектеу сақталып отыр.