СҚО мен Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Петропавл қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында 7 қыркүйекте солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.