СҚО мен Қытайдың жоғары оқу орны бидай мен картоптың жаңа сұрыптарын зерттеп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Қытайдың Янлинг қаласының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті делегациясының қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинардың мақсаты- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Агротехнопаркініңғылыми жұмысы мен бірлескен зерттеулердің нәтижелерін талқылау, тәжірибеалмасу.

Халықаралықсеминарға Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетініңпрофессорлары Zhang Zhengmao, Hu Yingang, Guo Dongwei, жергілікті жоғары оқуорнының «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының қызметкерлерімен студенттері, отандық және шетелдік селекцияның дала дақылдарын экологиялықсорттық сынауға қатысатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Петропавлқаласының Оқушылар сарайының өкілдері қатысты.

Былтыр қыркүйекайында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-діңбазасында Агротехнопарк ашылды. Аумағы 5 га жерге қытайлық, шетелдік жәнеотандық селекцияның ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, екінші жыл қатарынансыналып жатыр.

«Агротехнопарк екіоқу орны арасындағы келісім аясында ашылды. Біздің өңірде өсіруге болатынболашағы бар сұрыптарды бөліп алмақшымыз. Келешекте оны селекциялық материалретінде қолданып, өнімділігі жоғары, ауруға төтеп беретін бидай, картопсұрыптарын шығарамыз. Әзірше нәтиже туралы айту ертерек. Ауа-райы – бәріескерілуі қажет. Сол себепті бір жылдық өсімдікке кемі 3 жыл, көп жылдыққа 5жыл керек», - дейді Агротехнологиялық факультеттің деканы Алтын Шаяхметова.

Университетөкілдерінің айтуынша, Қытайдың жоғары оқу орнымен Агротехнопаркті бірлесіпқұрудағы мақсат - ғылыми зерттеулер нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындабәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, халықаралық озық тәжірибені ілгерілету,бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеу және іскеасыру, білім беру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу.

Қытайдың Янлингқаласының Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университетімен екі жақтыынтымақтастық туралы келісім аясында университеттің 6 студенті Қытайда бірсеместр білім алды. Академиялық ұтқырлық бойынша қыркүйек айында тағы бір топшетелге аттанбақ. Сонымен қатар, 6 оқытушы аспан асты елінде тағылымдамаданөтті.

Соңғы жаңалықтар