СҚО МКД басқармасының бұрынғы басшысы заңсыз қызметі үшін тұтқындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметтік тұлғалары әшкереленген жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен, СҚО бойынша МКД-нің борышкерлікпен жұмыс басқармасының бұрынғы басшысы А.Мұсаибов адамдар тобымен алдын ала келісіп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз салықтан босатылу, өзге де мүліктік пайда табу және қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында  бірқатар кәсіпорындар құрып, сол арқылы мемлекетке үлкен шығын келтірді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға ұсталып, оған қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сонымен бірге, сот алдындағы тергеу барысында А.Мұсаибовтың 2015 жылы БҚО МКД-нің ұйымдастырушылық-қаржылық басқармасының басшысы К.Юнмен алдын ала келісіп адамдар тобымен бірге банкрот болып танылған «Кузбасское ХПП-Север» ЖШС атынан «Уральскстроймонтаж» құрылыс компаниясы» ЖШС мекенжайына жұмыстардың іс жүзінде орындалуынсыз жалпы сомасы 290 млн. астам теңгеге шот-фактураларды жаздыру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырғаны анықталды.

Өзінің заңсыз әрекеттері үшін А.Мұсаибов К.Юннан 5,5 млн. теңге алған.

К.Юн ҚР ҚПК-нің 128-бабының негізінде ұсталып, Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.