«2016 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негiзгi каптиалға құйылған инвестиция көлемi 23,8 млрд.теңгенi құрады, физикалық индекс көлемi - 102,5%. Қаржы бөлу көздерi бойынша кәспiорынның өз қаражаты - 12,5 млрд.теңгенi құрайды, бұл жалпы көлемнiң 52,5%-ы», - дедi қала әкімі Марат Тасмағанбетов.
Сондай-ақ, Марат Иманбайұлының ақпаратынша осы жылы оң өсiмдi сақтап қалу үшiн 53,4 млрд.теңге көлемiнде қаражат бөлу керек. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен салынатын құрылыс, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы мен қайта салу, көше желiлерi, республикалық маңызы бар жолдар, бөгеттер, балабақшалар құрылысы, қонақ үйлер, сауда нысандары, бюджеттi ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жарғылық қорды молайту каптиалды қажет ететiн жобалар қатарында тұр.
«СевКазЭнерго» АҚ-ға, «Қызылжар су» ЖШС-ға, Оңтүстiк Орал темiржолына, технологиялық құралдарды, азық-түлiк өнiмдерiн өндiрушiлердi индустриаландыру мен жаһандандыруға жеткiлiктi қаржы бөлiнетiн болады.
«2015 жылы реттелетiн қызметтер бойынша 40 табиғи монополиялардың 57 тарифтiк смета субъектiсiнiң орындалу бойынша талдау жүргiзiлдi. Оның қорытындысы бойынша заңнамада жiберiлген бұзушылықтар әсерiнен 5 субъект негiзiнде 11 уақытша өтемақы тарифiн енгiзудiң нәтижесiнде тарифтер төмендетiлген. Тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы көлемi 26,51 млн.теңгенi құрады», - дедi табиғи монополиялар мен бәсекелестiктi қорғау департаментiнiң I жартыжылдықтағы қызметi жөнiнде хабарлаған Арман Өтегенов.
Мекеме басшысының айтуынша, жылыту маусымының қорытындысы бойынша монополистер жылумен қамту бойынша 45 млн. теңге қаражатқа сыртқы ауаның температурасын есептеу арқылы қызмет құнын қайта қарау жүргiзiлмек.
Бұдан бөлек, жарты жыл бойы департамент бәсекелестiктi қорғау бойынша бiрқатар заң бұзушылықтар анықталған. Олардың бiрi көтерме сатушылар сөз байласу бойынша бұрынғы арзан бағамен сатылып алынған дәрi-дәрмектердiң бағасын негiзсiз көтеру фактiсi байқалған.
Жиналыс соңында өңiр басшысы барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар бердi. Ерiк Сұлтанов аудан әкiмдерiне астық жинау жұмыстарының қарқынын төмендетпеудi тапсырды.