СҚО-ның экожүйесін сақтау үшін Есіл арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберілді
АСТАНА. KAZINFORM — Табиғатты қорғау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді.
Жыл сайын жүргізілетін санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл су ағызулар өзен арнасын тазартуға да көмектеседі.
— Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер — экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді, — деді Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин.
Айта кетелік Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын ғарыштан бақылау бойынша бірлескен жоба әзірлеуі ықтимал.