СҚО-ның 14 ҰОС ардагері әскери парадты тамашалау үшін Астанаға аттанды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Ұлы Отан соғысына қатысқан 14 ардагері Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шараға аттанды. Олармен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов кездесті. Ол соғыстың әрбір ардагерімен жеке амандасып, құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Тайынша ауданының ардагері Дмитрий Ларионовқа Құрмет грамотасы табысталды.

Аймақ басшысы ардагерлеріне облыс өміріне белсенді атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

Ардагерлерді әуежайға облыс басшылығы, туыстары мен Петропавл колледждерінің студентері шығарып салды. Көңілдері елжіреген ардагерлер жастарына қарамастан ұшақ трапына түзу сап құрып жүрді.

Астанада ардагерлер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, әскери парадқа, «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне және Жеңіс күніне орайластырылған басқа да салтанатты шараларға қатысады.

Соңғы жаңалықтар