СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауыл әкімдігіне жұмысқа орналасты

None
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - 20 жастағы Валерий Попандопол Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда Жас Гвардия ауылында тұрады.

Білімі орта, 2011 жылдың қаңтар айында «Тайрам» ЖШС-де курстан өтіп «В» санаты бойынша көлік жүргізушінің куәлігін алды.

 Ол 2011 жылғы 29 тамызда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды. Валерий 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашаға дейін «С» санатымен «көлік жүргізушісі» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтті. Бағдарламаның қатысушысы ретінде оған мемлекеттің қолдауымен жолақы мен жатын жеріне және 12 188 теңге мөлшерінде айлық шәкіртақы беріліп тұрды. 2011 жылдың 1 желтоқсанынан В.Попандопол ауыл округінің әкім аппаратына жүргізуші ретінде тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, жалақысы 32 000 теңге.