СҚО-ның 6 кәсіпорны «Алтын сапа» сыйлығынан үмітті
Ведомство өкілдерінің мәліметтерінше, жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығына өңірдің 20-ға жуық кәсіпорны үміткер атанады. Биылғы жылы тауар сапасына байланысты берілетін сыйлық алудан «Киров атындағы зауыт» АҚ, «Алекри фирмасы» ЖШС, «Ғасыр Айыртау» ЖШС, «Тайынша алтын тау - НЧ» ЖШС, «Авагро» ЖШС және «Авагро» кәсіпорны үмітті.
Тамыз айында «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрмесі өтіп, оған СҚО-ның 40-қа жуық кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлері қатысты. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары сонымен қатар биылғы жылдың соңында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсына қатысады. Тауар сапасына байланысты «Қазақстанның үздік тауары» байқауы ұйымадастырыла бастағалы оған Солтүстік Қазақстан облысынан 117 кәсіпорын қатысты. Оның ішінде «Султан ЭММК» компаниясы, «Завод им.Кирова» АҚ, «ПЗСМ» ЖШС, «Левин В.Д.». жеке кәсіпкерлігі лауреат атанды.