СҚО-ның әкімі Петропавл қаласының тұрғын үйлерін жөндеу мәселесі бойынша кеңес өткізді
Аймақ басшысы атап өткендей, Петропавл қаласының тұрғын үй қоры 1000-нан астам көпқабатты үйді құрайды. Олардың көбісі жөндеуді қажет етеді. ТШК-ны жаңғырту бағдарламасы аясында 2011 жылы көппәтерлі 41 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың 5-де жұмыс бітуге жақын қалды. Бұл мақсаттарға 395 млн. теңге бөлінген. Үйге байланысты 426 меншік иесі 37 млн. теңгенің көмегіне ие болды.
Өңір басшысы атап өткендей, ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама бойынша 812 млн. теңгеге 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражатты және коммуналдық қызметтің төлемін өтеу бойынша көмек 62 млн. теңгені құрайды.
Осыған байланысты атамыш бағдарламаны іске асыруда пәтер иелерін тарту және түсіндіру бойынша жұмыс өткізу қажет, деп атап өтті облыс әкімі.
Жиынның қорытындысы бойынша өңір басшысы Петропавл әкімі Болат Жұмабековке және коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының басшысы Антон Федяевқа жөндеуді шұғыл қажет ететін үйлерде пәтер иелері кооперативін тіркеу және оның іске асырылуына бағытталған қаражатты игеру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.