СҚО-ның әрбір ауылдық округында шағын несие беретін ұйымдар ашылады

None
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының аграрлық кешені қызметінің бүгінгі таңдағы ұстанып отырған басты бағыты – Мемлекет басшысының еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі берген тапсырмасын жүзеге асыру болып табылады.
СҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімін өндіру көлемі 193 млрд. теңгеден асып жығылды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында облыстың әрбір ауылдық округтерінде шағын несие беретін ұйымдар ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өткен жылы республикалық бюджеттен - 4,7 млрд. теңге, ал облыстық бюджеттен - 151,2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бекітілген бағдарламаларға сәйкес, бөлінген қаржы облыстың аграрлық секторын дамытуға мүмкіндік берді. Шағын несие жүйесін ұйымдастыруды жоспарлау шараларына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді несиелеу үшін облыс көлемінде 45 шағын несие беретін ұйым жұмыс істейді, олар 180,1 млн. теңге көлемінде 589 шағын несие берді.«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы өткен 2008-ші жылы 801 үй шаруашылығына 203 млн. теңге көлемінде несие ұсынды.«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бөлген қаржыға сәйкес, республикалық тұрақтандыру қорына 173 мың тонна астық сатып алынды. Қажеттілікті толық қамтамасыз ете алатын облыстық тұрақтандыру қоры құрылды.