СҚО-ның екі тұрғыны 1 ай Арктикада тұрып, экологиялық экспедицияға қатысты

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Ресейдің Вилькицкий аралында бір ай тұрып, «Жасыл Арктика» атты халықаралық экологиялық экспедицияға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Картеңізінде орналасқан Вилькицкий аралы – Ямал-Ненец автономиялық округінің еңсолтүстігі болып есептеледі. Жаздың ортасында мұндағы ауа температурасы +15 пен - 1 градус аралығында сақталады.Кезінде әскери база мен метеостанса орналасқан аралдың экологиясына бүгіндемыңдаған тонна темір қалдықтары нұқсан келтіріп жатыр.


Осыолқылықтың орнын толтыру мақсатында бірнеше жыл бұрын Орыс географиялық қоғамы«Жасыл Арктика» халықаралық экологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Қазақстанда игі істен шет қалмай, екі жыл қатарынан аралды тазартуға өз үлестерін қосыпкеледі.

11 шілде мен 10-тамыз аралығында өткенэкспедицияға биыл Қазақстаннан, Ресейден, Молдовадан және Израильден 30 еріктіқатысты. Елімізденбарғандардың екеуі де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттікуниверситетінің студенті.


«2017 жылғадейін Белое аралы қоқыстан тазартылды. Енді тазарту жұмыстары Вилькицкийаралында жүріп жатыр. Қазір бұл аралда ешкім тұрмайды. Біз шашылған темірқалдықтарын, 200 литрлік бөшкелерді жинап бір жерге үйдік. 60 га аумақтытазартуға күш салдық. Күн суық, үнемі жел тұрады және ылғалдылық жоғары.Қасымызда ақ аюлар жүрді. Керемет әсер алдым», - дейді экспедиция мүшесі,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты Роман Гиричев.

Бір айАрктикада өмір сүрген волонтерлер осы аралықта 200тонна темір қалдығы мен 500- ден астам ескі бөшкелерді жинап, үйіп, 20 құрылыснысанын бұзған. Экологиялық экспедиция келер жылы да жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар